Сәтті жолданды!
+77014000017 +77774004444 Астана
БІЗ ТУРАЛЫ

ЖШС «Zhibek Zholy Show Technica» компаниясының ірге тасы 2013 жылы Қазақстан Республикасы Алматы қаласында қаланып, 2015 жылдың сәуір айында Астана қаласына көшірілді. «Zhibek Zholy Show Technica» компаниясы қазақ елінің шоу-техника саласын дамыту мақсатында құрылған. Компаниямыз Қазақстанда шоу-техника саласындағы көлемді компаниялардың бірі болып табылады. Ол заман талабына сай, әлемдік озық техникалармен(LED экран, шырақ, сахна, ферма, дыбыстық аппаратура, дыбыс жазу, таспаға түсіру т.б. техникаларымен) жабдықталып, көптеген отандық салтанатты іс-шараларды өзінің жаңа техникаларымен қамтамасыз етіп, оның сәтті өтуіне мұрындық болып келеді. Атап айтсақ, 2013-жылдан бастап «Қазақстан Дауысы», «Дала Дауысы», «Екі Ғашық», «Х-Фактор», «Ұлттық Шоу», «Бенефис Шоу», «Әйел бақыты», «Базар Жоқ Алаңы», «Елге Сәлем», атты т.б. іс-шаралардың сәтті жүрілуіне өз үлесін қосты. Сонымен қатар «Zhibek Zholy Show Technica» компаниясы студиялық жұмыстарды, яғынй дыбыс жазу, аударма, дубляж жасау, отандық фильмдерді шет елге көрсету т.б. қызметтерді өз деңгейінде қоса атқарып келеді. «Zhibek Zholy Show Technica» компаниясының президенті Ербосын Нұрмұханұлы Қазақстан халқына кең таралған әйгілі «Қаражорға» әнінің жоба авторы.
БІЗДІҢ КЛИЕНТТЕР